Грузия мен Армения көліктерін айдауға болмай ма?

bitieavto Құқық

Грузия және Армениядан сатып алынған көлік құралдарын 10 жұмыс күні ішінде тіркеу міндетті.

Атырау облыстық полиция депаратменті хабарлағандай, Еуропалық экономикалық одақ аумағына әкелінген көліктерді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында тіркеу қажет.

Ол үшін көлікті сатып алған азаматтың төмендегідей құжаттары болуы қажет.

  • Жеке куәлік;
  • Салық кодексінде белгіленген баж және алымдар салығының төленгенін растайтын құжаттар (Салық кодексінің 615 бабына сәйкес көлік құралын тіркеу туралы куәлікті бергені үшін – 1,25 айлық еспетік көрсеткіш көлемі, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін 2,8 айлық есептік көрсеткіш көлемі);
  • Қазақстан Республикасының Экологиялық кодесінде белгіленген көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауы;
  • Көлік құралына меншік құқығын растайтын құжаттар (сатып алу-сату шарты, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжат, айырбастау, сыйға тарту шартының азаматтық заңнама талаптарына сәйкес болуы).

Аталмыш көліктерді Қазақстан аумағында басқару үшін жүргізушінің көлікті тіркеу туралы куәлігі, нөмірлік белгісі, мемлекеттің айырым белгісі, сондай-ақ, көлік құралының техникалық байқаудан өткенін растайтын құжат пен жүргізушінің міндетті сақтандыру полюсі болуы қажет.

Егер ЕАЭО аумағына шет елден әкелінген көлік тіркелмеген жағдайда жүргізушіге 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, темір тұлпар арнайы тұраққа қойылатын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз