Жарнама
Құқық

Есірткіге қатысты 173 құқықбұзушылық анықталды

Полиция департаменті қызметкерлерінің жұмысы нәтижесінде өткен жылы облыс аумағында есірткіге қатысты 173 құқықбұзушылық анықталды. Атап айтсақ, 107 қылмыс және 66 заңбұзушылық тіркелді. Заңсыз айналымнан 250 кг-нан астам әртүрлі есірткі өнімі тәркіленген,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Анықталған құқықбұзушылықтардың нәтижесінде 46 есірткі тасымалдаушы анықталды. Оның екеуі жасөспірім, жетеуі әйел адам. Азаматтардың жартысы өзге өңірден келген.

–Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының арқасында заңсыз фитозертхананы ұйымдастырудың айналасындағы екі жағдай анықталып, 72 түп сора өсімдігі тәркіленді. Әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесімен 71 дерек тіркелді. Оның ішінде есірткіге масайып көлік жүргізген 51 тұлға сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылды, — деді облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Роман Ермұханов.

Сонымен қатар есірткі сайттарын жарнамалайтын жүзден аса граффити жазба анықталған. Ғаламтор жүйесі мониторингі арқылы есірткі жарнамалайтын 246 сайт анықталып, ІІМ-не бұғаттауға жолданды.

Айта кетейік, ҚР Президенті 2024 жылғы 27 желтоқсанда «Есірткі, психотроптық дүниелер, прекурсорлар және күшті әсер ететін өнім мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Жаңа нормалар 2025 жылдың 3 наурызынан бастап күшіне енеді.

Сурет: freepik.com

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button