Жарнама
Құқық

«Бекіре – 2024»: 300 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді

Атырау облысы аумағында 10 қыркүйек – 31 қазан аралығында броконьерлік іс-әрекеттің, бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерінің, олардың өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, алдын алу мен жолын кесуге бағытталған «Бекіре – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шара кезінде теңіздегі заңсыз балық аулаудың жолын кесуге арналған балық қорғау инспекциясымен бірлесіп автокөлік құралдарының қозғалысына бақылау жүргізетін мобильдік топ бөлініп, қызмет атқаруда.
Жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізу кезінде балықтың заңсыз айналымымен байланысты 59 құқық бұзушылық анықталып, 3 қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Анықталған құқық бұзушылық бойынша 2 автокөлік тәркіленіп, аулаға қойылып, 21 айғақ зат балық аулау құралдары анықталды. 356 келі болатын заңсыз балық өнімдері және 270 келі бекіре балығы тәркіленіп «Жайық-Бекіре өсіру зауытына» тапсырылған.
Жайық-Каспий аумағында балық қорын қорғау, заңсыз табылған су биоресурстарын сату мен тасымалдау және браконьерліктің алдын алу мақсатында Атырау облысы полиция департаменті Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлескен іс-шараларды күнделікті жүргізуде.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button