Оқиға ажалмен аяқталды: Атырауда жеңіл көлік 23 жасар жігітті қағып кетті

13 8 Жаңалықтар

Жол апаты 9 қараша күні Атырау қаласындағы Сәтпаев көшесінде орын алған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қайғылы жағдай кешкі сағат 19.00-де болған.

«1997 жылы туған М.А. есімді науқас ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Реанимация бөлімінде оған максималды түрде ем шара жасалды. Өкінішке орай, науқас кеше түнде көз жұмды» деді Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.

Atr.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз