Жарнама
Құқық

Басты талап – әдептілік

Елбасының Жарлығына сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменттерінде Әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс жасайды.

memlekettik qyzmet

Ол өз қызметін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарына, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, Астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережеге және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Қызмет барысында заңдылықты, объективтілік пен әділдікті, әдептілікті, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеруді, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қолдану қағидаттарын басшылыққа алады.

Әдеп жөніндегі кеңестің функцияларын жүзеге асыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесі  2018 жылы сегіз отырыс өткізді. Бұдан басқа, Әдеп жөніндегі кеңес атқарған жұмыстың есебі, мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссия-ларының жұмыстарына жүргізілген талдау қорытындысы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өткізілген шаралар, әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі және өзге де мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, кеңес отырысында мемлекеттік қызметшілерді жермен және тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша талдау және бақылау қорытындысы қаралды. Бақылау мұнайлы өңірдегі барлық мемлекеттік органдарға 2000-2018 жылдар аралығын қамтыған сауалнама нысаны түрінде жүргізілді.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарына жүргізілген талдау талқыланды. Талдау нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарына тән емес міндеттер белгіленгені анықталды. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарын жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшінің нақты міндеттері және мақсаттары, тапсырмалары мен индикаторларының зерделенген лауазымдық нұсқаулықтарда ішінара немесе толығымен болмауы жалпы кемшілік болып табылды. Алайда, мемлекеттік мекеменің стратегиялық мақсатына жету және оны жүзеге асыру бойынша лауазымдық нұсқаулықтың міндеттерін нақты анықтау қажеттілігі мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу қағидаларымен бекітілген. Бұл «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мемлекеттік қызметшілердің қызметінің нәтижесі бойынша жалақы алу қарастырылған бесінші, алтыншы қадамдарын жүзеге асырумен байланысты. Яғни, қойылған тапсырмалардың орындау сапасы және мемлекеттік қызметшінің жұмысын бағалау жүйесін құрайтын жеке жұмыс жоспарының орындалысына үстірт қарау тәуекелге әкеледі. Талдау нәтижесі бойынша ұсыныс жолданып, қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтары сәйкестендірілді.

Тәртіптік істердің көпшілігі қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтамау, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқармау, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануды сақтамау болып отыр.

Осыған орай, әдеп жөніндегі кеңесте тәртіптік істерге қарағанда профилактикалық жұмыстарға басымдылық беріліп, алдын алу шаралары қабылдануда. Кеңестің негізгі міндеттеріне сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасын жүргізу мақсатында кеңес мүшелерімен 120 жеке қабылдау өткізілді. Оның 20-сы көшпелі қабылдаулар болды.

Динара КУРУМБАЕВА,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Атырау облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button