Жарнама
Құқық

Жемқорлыққа жол жоқ!

Атырауда облыстық білім беру басқармасының бастамасымен сыбайлас жемқорлық профилактикасы акциясы өтуде.

3-7 маусым аралығын қамтитын акция аясында білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің профилактикасы үшін мекеме басшыларына жұмысқа орналастыру тәртібі туралы нормаларды түсіндіру бағытында «дөңгелек үстел» өтті.

Жиын барысында жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, таза сессия, жұмысқа қабылдау, саналы ұрпақ тәрбиелеу мәселелері көтерілді. Басқосуға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Жахин қатысып, жиі кездесетін сыбайлас жемқорлық фактілерін талдап, түсіндірді.

Атырау облысы білім беру басқармасының бөлім басшысы З.Мағзумова білім беру мекемелерінде жұмысқа орналасу рәсімдері туралы кеңес берді.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button