Жарнама
Құқық

АВАНГАРДТАҒЫ АТЫСҚА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦЕЙ КІНӘЛІ МЕ?

Атырау қаласының №2 сотында ауыр зардаптарға алып келген қызметтегi әрекетсiздiгі үшін айыпталған ювеналды полиция бөлімшесінің кәмелетке толмаған істер жөніндегі учаскелік полиция инспекторына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Атырау қалалық №2 сотының баспасөз қызметі:

«Азамат Н. өзінің бұрынғы жұбайының азаматтық некедегі жолдасы Қ.-ның бұның балаларын ұрғаны үшін полицияға арыз түсірген. Кейін осы арыз бойынша азамат Н. және оның кәмелетке толмаған баласы, жұбайының азаматтық некедегі жолдасы Қ. полиция учаскесіне шақыртылған. Сол жерде азамат Н. мен оның кәмелет жасқа толмаған баласы азамат Қ.-ның өзінің үйінде тапанша қаруын оқ-дәрісімен бірге сақтап жүргенін айтқан.

Алайда учаскелік полиция инспекторы К.Р. қызметтік міндеттерін адал атқармай, қару сақтау дерегі жөнінде хабарламасына немқұрайлықпен қарап, ешқандай әрекет жасамай, өзінің жұмысын жеңілдету мақсатында қызметтік әрекетсіздік танытқан.

Нәтижесінде Қ. өзінің тапанша қаруын заңсыз сақтап жүргені үшін жауапкершілікке тартылмайтындығын сезініп, сол күні сағат 22.30 шамасында Атырау қаласы, Авангард-3 шағын ауданында өзінің заңсыз сақтап жүрген қаруымен азаматтарға бірнеше мәрте оқ атқан.

Осының салдарынан К., З. және И. ес жимастан оқиға орнында көз жұмған, ал Н. ауыр дене жарақаттарымен Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген (бұл оқиға бойынша бөлек қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде). Сотталушы К.Р.-дың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, бейнежазбалармен өз дәлелін тапты».

Сот үкімімен К.Р.-ға өмір бойына құқық қорғау органдарында қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сотталушы полиция капитаны арнайы атағынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button