Атырауда заңсыз қару сатқандар анықталды

img 20220223 wa0049 Жаңалықтар

«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде №2 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері Махамбет көшесінде орналасқан сауда орталықтарының біріндегі бутикте Ішкі істер органдарында тіркелмеген заңсыз электрлі қаруды сатып, өткізген 1968 жылы туылған азаматшаны анықтады.

Аталған дерек бойынша айғақ зат тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Сараптама қорытындысымен 54 жастағы азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482 бабымен  (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 53 623 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз