Жарнама
Құқық

Аудан әкімі мәлімдеме жасады

Атыраулық Ақмарал Үмбетқалиева есімді келіншек әлеуметтік желіде «11 жыл бойы қатыгездіктің құрбаны болдым» деп бейнеүндеу жариялаған еді. Осы желіні шулатқан бейнежазбаға қатысты Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов Facebook-тегі парақшасында бұрынғы әйелінің ұрып-соқты және қинады деп айыптағанына байланысты мәлімдеме жасады.
«Бұрынғы жұбайым әртүрлі әлеуметтік желілерде тараған соңғы оқиғаларға байланысты, менің лауазымды тұлға екенімді біле тұра, осындай мәлімдемелер жасап жатқан сияқты» дейді парақшасында әкім.
Шенеуніктің айтуынша, ортақ некеде туған 2 қызы өзімен бірге тұрады.
«Олар махаббат пен сүйіспеншілікте өмір сүруде. Мұндай шешім 2 қызымның қалауы бойынша қабылданып, бұдан басқа бұл туралы соттың заңды шешімі де шыққандығын хабарлаймын. Ұрып-соқты деген айыптауларға келсек, қазір сот процесі жүріп жатқандықтан БАҚ өкілдерінен асығыс қорытынды жасамауларын сұраймын» деп түйіндеді сөзін Р.Ибрагимов.
Еске салайық, бейнеүндеу авторы Ақмарал Үмбетқалиева Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтің бұрынғы әйелі екен.
Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button