Атырауда тұрғындарға тегін заңгерлік көмек берілді

zangerlik k Құқық

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының «AMANAT SERVICE» қызмет көрсету орталығында тұрғындарға тегін заңгерлік көмек ұйымдастырылды, деп хабарлайды atr.kz

«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясындағы қоғамдық қабылдауда қалалық мәслихаттың депутаты Рафик Сарсенов, Қазақстан Заңгерлер одағының Атырау облыстық филиалының төрағасы Нұрасыл Мүбарак, кәсіби медиатор-заңгер Болат Өтеғалиев, адвокат Асан Есбосын  және  қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы  Ринат Жұмабаев қабылдауға келушілердің мәселелерін тыңдап,  заң жүзінде шешу жолдарын түсіндірді.

72b200bc 8343 44aa b606 bc75d7cabe80

Мәселен, қала тұрғыны Қаламғали Байбулов өзінің меншігіндегі тұрғын үйді азаматтық некедегі жұбайының қызына сыйға тартқан. «Енді сол үйді өзіме қайтару жолдары бар ма?» деп сұраған тұрғынға заңгерлер сыйға тарту шартының күшін жою туралы талап қою арызымен сотқа жүгіну құқығы бар екенін түсіндірді.

ef28d7a2 bee4 42af 94f3 78e81743f78c

Ал ІІ топ мүгедегі Алмагүл Құрманғалиева  көзі көрмейтін баласына мүгедектік топ тағайындау заңдылығы жөнінде кеңес сұрады. Сондай-ақ алаяқтарға алданған Ақжонас Күншығарова сот шешімі шықса да,  материалдық залалды өндіре алмай жүргеніне шағымданды.

Сонымен, партиялық жобалар шеңберінде өткен шараға келген тұрғындар заңгерлердің кәсіби кеңесін оң бағалады.

Майра СЕЙІТҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз