
Құқық
Атыраулықтар тегін заңгерлік кеңес алды
Бүгін Атыраудағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігі Құқықтық-ақпараттық кеңес беру орталығының мамандары қала тұрғындарына тегін қызмет көрсетті.
Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлерімен бірлескен шара барысында тұрғындар заңгерлерге құжаттарды дайындау, отбасы даулары және алимент бойынша сауалдарына жауап алды. Мұндай игілікті іс алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Майра ЕРҒАЛИ
Суретті түсірген автор