Жарнама
Құқық

Атыраулық полицейлер төртжақты меморандумға қол қойды

Нашақорлықпен күрес және жастар арасындағы деструктивті тәуекелдердің алдын алу мақсатында облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Жаңа уақыт» қоғамдық қоры, Психикалық денсаулық орталығы, сондай-ақ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетімен есірткі профилактикасына арналған меморандумға қол қойды.

Аталған департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулеттің хабарлауынша, мұндағы мақсат – салауатты өмір салтын ұстану, заңсыз есірткі айналымымен күрес, нашақорлықтың алдын алу және оны болдырмау.

–Атыраулық полицейлер төрт жақты бірлесіп қойылған заңды құжат аясында білім беру мекемелерімен бірге мектеп оқушылары мен студенттерге «Есірткісіз болашақ құру» тақырыбында семинар, танымдық жиындар, «дөңгелек үстел» және профилактикалық іс-шараларды өткізуді жоспарлауда, — дейді М.Ердәулет.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button