Жарнама
Құқық

АТЫРАУДАҒЫ ПӘТЕРДЕН ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

Атырау облысы полиция департаментінен білгеніміздей, 25 шілде күні сағат 19:30 шамасында Атырау қаласының 1958 ж.т. тұрғыны өзінің 1992 ж.т. қызының пәтер есігін ашпай жатқаны туралы хабарлаған.

Аталған хабарлама бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері есікті ашып, пәтер ішінен 1992 ж.т. әйел мен 1996 ж.т. ер адамның мүрдесі анықтады. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен тергеу жүргізілуде.

Анықталған ақпараттарға сәйкес қайтыс болған азаматтар ерлі-зайыпты болған. Ортақ төрт баласы бар. Аталған пәтерді 1992 ж.т. азаматша бір ай бұрын жалға алған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button