Жарнама
Құқық

Атыраудағы 79-түзету мекемесінде Халықаралық йога күні аталып өтті

Кеше Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 79-түзету мекемесінде Халықаралық йога күніне орай сотталған азаматшалар арасында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күннің мақсаты — жан мен тән үйлесімдігінің маңыздылығын еске салу және салауатты өмір салтын насихаттау.

42d091b4 6610 4d1f 9c87 8b82d9baeb7b

Іс-шараға 30-ға жуық сотталған азаматша қатысты. Йога жаттығулары бұл мекемеде жүйелі түрде өткізіліп тұратын пайдалы дәстүрге айналған. Жаттығу барысында қатысушылар тыныс алу техникасын меңгеріп, дене мен сана арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған әдістерді орындады.

Йога — сотталғандардың ішкі жан тыныштығын сақтауға, күйзеліс пен эмоционалды қысымды жеңуге, сондай-ақ физикалық жай-күйін жақсартуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар олардың оң әлеуметтік бейімделуіне және өз-өзіне деген сенімділік орнатуына ықпал етеді.

Аталған бастама алдағы уақытта да жалғасын тауып, түзету мекемелеріндегі оңалту жұмыстарының тиімді құралдарының бірі ретінде дамиды деп күтілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button