Полицейлер мен өрт сөндірушілердің қақтығысқан видеосы тарады

pararara БЕЙНЕЖАЗБА

Бұл туралы видео әлеуметтік желілерде жүр. Онда бір-бірімен ерегісіп тұрған погондылардың анайы сөздер айтып жатқаны естіледі.

Екінші шілдеде шақыртуға барған өрт қызметкерлері мен полицейлердің арасында бір келіспеушілік болып, сөзге келіп қалған. Видеода олардың бір-бірімен жаға жыртысуға дайын екені көрініп тұр. Тәртіп сақшысы өрт сөндірушінің кеудесінен итеріп жібергенін де байқауға болады.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаменті  баспасөз қызметінің хабарлауынша қазір қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Мән-жайдың анық-қанығы алдағы уақытта хабарланбақ.

Дереккөз: atpress.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз