Жарнама
Құқық

Атырауда жоғалған балықшылар іздестірілуде

 «Амангелді» және «Сеф Каспий фиш» кәсіпорындарының 4 балықшысы 3 қараша күні балық аулауға шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды atr.kz Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отырып.

Департаменттің хабарлауынша, іздеу жұмыстары  6 қараша күні басталған. “Каспий теңізі жағалауының Атырау — Исатай – Құрманғазы» бағытында аэро іздестіру жүруде.

«МИ-8 арнайы ұшағы Атырау қаласынан 09:58​-де ұшып шықты. Бортта экипаждың 3 мүшесі, Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері және  «Амангелді» ЖШС-нің 1 маманы бар. ​

 Аэровизуалды іздестіру жұмыстары   270 шақырым қашықтықта, яғни  Каспий теңізі жағалауының  «Атырау — Исатай – Құрманғазы» бағытында жүргізілді.

Бірақ, іздестіру жұмыстары әзірге нәтиже берген жоқ» , — делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button