Бензин шашып, несиелік ұйымды тонаған күдіктілер ұсталды

2021021112175330187 benzin shashty Құқық

Қарағандыда тонау кезінде бензин шашып, өртеймін деп қорқытқан күдіктілер ұсталды.

«Zakon.kz» хабарлағандай, оқыс оқиға 9 ақпанда орын алды. Қарақшылар микрокредиттік ұйымдардың біріне шабуыл жасап, кассадағы адамға пластмасс бөтелкедегі бензинді шашып, «егер ақша бермесең, осы араны өзіңмен қосып, өртеп жібереміз» деп қорқытқан.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 19 және 28 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар өз айыбын мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Ғимараттың ішіне орнатылған бейнекамераға түскен оқиғаның видеосы instagram-дағы Тemirtau.times парақшасында жарияланды. Медициналық бетперде киген екі белгісіз тұлға микрокредиттік ұйымдардың бірінің ғимаратына баса-көктеп кіріп, 28 жастағы кассир қызға бензин шашып, ақша беруді талап еткен. Сонымен бірге, ер адам бойжеткенге бағынбай, қарсылық көрсетуге тырысса, «ғимаратты қызбен қосып өртеп жіберемін» деп қорқытқаны айтылды. Кассир олардың қолына 120 мың теңге ұстатқан.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз