Атырауда жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр
Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет ету аймағында ағымдағы жылдың 21-23 шілде аралығында «Су, әуе, теміржол көлігінде және автомобиль жолында халықаралық қылмыстық топтардың әрекеттерін анықтау және жолын кесу мақсатында» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — Қылмысқа қарсы күрестегі бірлескен шаралардың 2019-2023 жылдарға арналған мемлекет аралық бағдарламасының 2.1.1.6. тармағына сәйкес келісілген және жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу.
2019-2023 жылдарға арналған жоспар кестесіне сәйкес су, әуе, теміржол көлігінде және автомобиль жолында халықаралық қылмыстық топтардың әрекеттерін анықтау және жолын кесу.
Сондай-ақ, шара мақсаты — қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылғыларды және есірткі заттарын заңсыз сақтауға, тасымалдауға, беруге сатуға байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, анықтау және ашу.
Атырау станциясы желілік полиция бөлімі