Жарнама
Құқық

Атырауда “Жас сақшы” полиция сыныбының оқушыларына ерлік сабағы өтті

ІІМ ардагері, отставкадағы милиция майоры Аманжол Наубетжанов және Атырау облысы ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бөлім бастығы, полиция майоры Ғалымжан Сембаев Бейбіт күннің батыры атанған Шалқар Ақымғалиев атындағы «Жас сақшы» полиция сыныбының оқушыларына әдептілік пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру мақсатында ерлік сабағын өткізді.

Милиция майоры Аманжол Наубетжанов құқық қорғау органдарындағы көпжылдық тәжірибесімен бөлісіп, полиция қызметінің ерекшеліктері туралы әңгімеледі. Ол ішкі істер саласындағы адалдық, тәртіп, кәсіби шеберлік пен төзімділіктің маңызын атап өтіп, өзінің қызмет барысында кездескен оқиғаларынан мысалдар келтірді. Сондай-ақ, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, болашақ тәртіп сақшыларына ақыл-кеңесін айтты. Ал, полиция майоры Ғалымжан Сембаев жас сақшыларға кәсіби біліктілікті арттыру, өз ісіне адал болу және өзгелермен дұрыс қарым-қатынас жасау керектігін, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау керектігін ерекше атап өтті.

Осындай ерлік сабақтары болашақ құқық қорғау қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, олардың тәртіп пен жауапкершілікке деген көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі. Полиция қызметінде тәртіп пен адами құндылықтар қатар жүруі тиіс. Мұндай кездесулер жас буынның құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың патриоттық рухын нығайтуға ықпал етеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button