
Атырауда заңсыз оқ-дәрі сақтаған Өзбекстан азаматы ұсталды
Ішкі істер министрлігінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті мен Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында заңсыз оқ-дәрі сақтаған Өзбекстан Республикасының азаматын анықтап, ұстады.
1986 ж.т. тұрғынның Атырау қаласындағы тұрғылықты мекен-жайын тексеріп, жауынгерлік патрондар табылып, тәркіленді. Күдікті 36 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы және деструктивті діни ағымның ұстанушысы екендігі анықталды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287 бабы 2 бөлігімен, яғни қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп сотқа жолданды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауда.