Салық Зиманов пен Өтеген Сейтовке арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
Атырау облысының прокуратурасы және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті қазақстандық құқықтың негізін қалаушылардың бірілері Салық Зиманов пен Өтеген Сейітовке арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Іс-шараға Облыс әкімі, қоғам қайраткерлері, белгілі саясаткерлер, Социалистік Еңбек Ерлері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Түркияның Измир демократия университетінің өкілдері, облыс прокуратурасының қызметкерлері, ғалымдар қатысты.
Бұл конференция Салық Зиманов пен Өтеген Сейітовтің 100-жылдық құрметіне жас ұрпақты үлкендерді құрметтеуге, патриоттық сезімдерін, моральдық-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуде ұрпақтар сабақтастығы дәстүрі бойынша ұйымдастырылды.
Облыс прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ құттықтау сөз сөйлеп, Зиманов пен Сейітовтың құқықтық мемлекеттің қалыптасуындағы және заңның үстемдігін, адам мен азаматтың құқықтарын, Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғаудағы рөлін атап өтті.
«Аталған тұлғалар егемен Қазақстанның құқықтық базасын қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Ұлы Отан соғысына қатысып, оның барлық ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын бастан өткерген, өзінің объективтілігімен, адалдығымен, жоғары ізгі мінезімен, ең жақсы адами және кәсіби қасиеттерімен, прокуратура органдарында бай өмірлік тәжірибесімен олар заңгерлердің кейінгі ұрпағы үшін үлгі болды», – деп атап өтті қадағалау ведомствосының басшысы.
Өтеген Сейітовтың жарқын шежіресінде 1977 жылы Одақтас республикалардың Бас Прокурорларының атынан Женевадағы қылмыстардың алдын алу және адам мен азаматтың құқықтарын қорғау жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бесінші Конгресіне қатысқаны туралы айтылған.
Конференция заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда одан әрі жемісті жұмысты атқару үмітімен қатысушыларға жылы және алғыс тілектермен аяқталды.
Атырау облысының прокуратурасы