Атыраулық полицейлер аязды күні кәріз құдығы мен жертөлені мекендеген тұлғаларды қабылдап-тарату орнына жеткізді

36429494 21b1 45b8 af0d 67b9c77ac2b7 Құқық

Күн суытқанда учас­келік полиция инспекторлары қиын өмір­лік жағдайға тап болған адамдардың болуы мүмкін жерлерді тексеруді барынша қолға алады.
Оның ішінде жылу трассалары, жертөлелер, қараусыз қалған саяжай үй­лері және басқа да орындар түгел қара­ла­ды. Сақшылардың басты міндеті – үй-күйсіз жүрген азаматтардың күн суықта үсіп қалуын болдырмау.

c3ce33bf 937c 4c4e b65e 822ec00f2483

Жақында осындай рейдтік іс-шаралардың бірін өткізу кезінде №2 учаскелік полиция бекетінің қызметкерлері Махамбет көшесінде орналасқан кәріз құдығының ішінен тұрғылықты мекен-жайы жоқ 1971 ж.т., азаматты анықтаса, №4 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторлары өз аумақтарын аралау кезінде, Лесхоз мөлтек ауданында орналасқан үйлердің бірінің жертөлесінен тұрғылықты мекен-жайы жоқ 1968 ж.т., азаматты анықтап, оларды Атырау қаласы Полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырды.
Аталған азаматтар баратын жерлері болмағандықтан жылы жерлерді пана етіп жүргендіктерін айтқан.

45f032a2 bc61 42c5 ba57 caecbcf9ebd6

Айта кетейік, жыл басынан бері учаскелік полиция қызметкерлерімен қабылдап-тарату орнына тұрғылықты мекен-жайы жоқ 120-ға жуық тұлға жеткізілген.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары қала тұрғындарынан тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарды көрген жағдайда 102 нөміріне қоңырау шалуларын сұрайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз