Жарнама
Құқық

Атырауда ҚР аумағына кіруге тыйым салынған шетелдік азамат ұсталды

Атыраулық полицейлер бес жыл бойы ҚР аумағына кіруге тыйым салу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады.

«Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы барысында жолаушыларды тасымалдаумен айналысқан шетелдік азамат ұсталды. Бұл ретте оның Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне тыйым салынған Тәжік Республикасының азаматы екені анықталды. Бірақ бұған қарамастан, 35 жастағы ер адам жеке басын куәландыратын құжаттағы мәліметтерін өзгертіп, Қазақстанға келген», — делінген Атырау облысы ПД хабарламасында.

— Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта оған 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Сотқа жолдау, заңды шешім қабылдау үшін құжаттар жиналу үстінде, – деп толықтырды Атырау қ. ПБ көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Қадырбек Әбішов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button