Жарнама
Құқық

Атырауда полицейлер отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты анонимдік сауалнама жүргізді

Атырау қаласы полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімше инспекторлары профилактикалық іс-шаралар шеңберінде қала аумағындағы халық көп шоғырланатын орындарда тұрғындарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпараттық парақшалар мен жадынамалар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

4792af95 4cbe 469a b94e 0baa364d8c07

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері арнайы қабылдау орындарындағы әкімшілік қамауға алынған азаматтармен профилактикалық кездесулер өткізіп, отбасындағы құқықбұзушылықтардың салдары мен заңдық жауапкершілігі туралы кеңес берді.
Аталған іс-шара аясында полицейлер анонимдік сауалнама өткізіп, тұрғындардың отбасылық зорлық-зомбылыққа деген көзқарасын, оның себептері мен салдары жөніндегі пікірлерін зерделеді.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды құқықтық ақпараттандыру жұмыстарымен қатар, қажет болған жағдайда тиісті көмек алуға болатынын, оның ішінде дағдарыс орталықтары мен құқық қорғау органдарына жүгіну қажеттігін еске салады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button