Жарнама
Құқық

Атырауда мопед апаттары көбейді

Атырау қаласында мопедтер, скутерлер және электросамокаттардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Жыл басынан бері қалада мопед жүргізушілерінің қатысуымен 148 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Мұның салдарынан 70 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түссе, 6 адам қаза тапқан. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жол қауіпсіздігін сақтамағандықтан, 1 587 мопед пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 429 электро-көлік арнаулы тұраққа қойылды.

–Мопед жүргізушілері жылдамдық режимін, жол белгілері мен таңбаларын сақтауға және шлемсіз жүрмеуге тиіс. Бұл талап жолдардағы апаттар мен қайғылы жағдайларды азайтуға көмектеседі. Жазғы мезгілде, әсіресе жастар арасында кең таралған бұл көлік түрлері қауіпсіздік ережелерін толық білмеген жүргізушілер үшін қауіпті жағдай туғызуы мүмкін. Сол себепті барлық жүргізушіні қырағылық пен жол ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, — дейді Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Өсер Жәңгірхан.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button