Полициядағы кадрлық өзгеріс

1356581211 1334746989 policiya rk Жаңалықтар

Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары болып полиция полковнигі Нұрлыбек Көшенов тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды қызметті атқарған Қандарбек Бахтыгереев басқа қызметке ауысып отыр.

1356581211_1334746989_policiya-rk

Нұрлыбек Жамалиденұлы Көшенов ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары мектебін, ҚР ІІМ Академиясының басшы құрамды дайындайтын 1-факультетін бітірген. Облыс ішкі істер органдарының түрлі басшылық қызметтерінде болған, Мақат аудандық ішкі істер бөлімін басқарған.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл күні сондай-ақ облыстық ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы сайланды. Бұл міндетті енді Бағытжан Мұнбаев атқарады. Шара «ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлерлерінің Қазақстандық  ұйымы» қоғамдық бірлестігі Жарғысының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Бағытжан Зиядаұлы ішкі істер саласының ардагері, ұзақ жылдар облыс ішкі істер органдарында қызмет атқарған.

Облыстық ІІД бастығы Аян Дүйсембаев жеке құрамды кадрлық өзгерістермен хабардар етіп, қызметкерлерге сәттілік тіледі.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз