Жарнама
Құқық

Атырауда мемлекеттік қызметшілерге әдеп пен қабылдау тәртібі түсіндірілді

Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен мемлекеттік органдардағы азаматтарды қабылдау тәртібі мен қызметтік этика талаптарын түсіндіруге арналған дәріс өтті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиынды Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ербол Жұмабай мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің АОД басшысы Нұрлан Еркебаев өткізді.

Дәріс барысында мемлекеттік қызметші үшін маңызды іскерлік әдеп қағидаттары, азаматтармен тиімді қарым-қатынас жасау тетіктері, қабылдау барысындағы мінез-құлық стандарттары және жұмыс уақыты режимін сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

– Мемлекеттік қызметші ең алдымен халықтың сенімін ақтауы керек. Азаматтарды қабылдау жай ғана рәсім емес, әрбір мемлекеттік қызметшінің жауапкершілікпен қарайтын негізгі міндеттерінің бірі. Қабылдауға келген әр адамның уақыты мен мәселесі маңызды. Сондықтан сыйластық, тыңдай білу, нақты жауап беру – этиканың басты талаптары, – деді Нұрлан Еркебаев.

2023 жылғы сәуірден бастап азаматтарды қабылдаудың жаңа форматы енгізілді. Атырау облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығына сәйкес, 2023 жылғы 28 желтоқсанда жеке өтініштерді қарау тәртібі стандартталды. Бұл өзгерістер тұрғындардың сұраныстарын тіркеу, қарастыру және кері байланыс орнату үдерісін жүйелеуге бағытталды.

Іс-шара соңында Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ербол Жұмабай қатысушыларды заңнамалық талаптарды қатаң сақтауға және азаматтардың мәселесіне бей-жай қарамауға шақырды:

– Мемлекеттік органның табалдырығын аттаған әр азамат өзін тыңдалған, түсінілген және құрметтелген күйде сезінуі тиіс. Бұл – мемлекеттік қызметтің абыройын арттыратын басты фактор. Қоғаммен ашық әрі сыпайы жұмыс істей алатын мамандар – нағыз кәсіби мемлекеттік қызметшілер,- деді ол.

Осы ретте мемлекеттік қызметшілер жеке қабылдауға келген азаматтарға құрметпен қарауы, олардың мәселесін мұқият тыңдауы және қызметті белгіленген регламенттер мен этика нормаларына сәйкес көрсетілу қажет екен де атап өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button