Жарнама
Құқық

Атырауда мектеп қызметкері өз-өзіне қол жұмсауға оқталды

Әлеуметтік желілерде Атырау қаласындағы мектептердің бірінде басшылық тарапынан қысым көрген қызметкердің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы мәлімет тарады.

Осы жағдайға қатысты Атырау облыстық полиция департаменті ресми түсінік берді. Ведомствоның хабарлауынша, 1985 жылы туған азаматшаның дәрі-дәрмек қабылдап, өз-өзіне қол жұмсауға оқталу дерегі анықталып, тіркелді.

Қазіргі уақытта тиісті органдар бұл оқиғаға байланысты жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы тергеу нәтижесінде анықталатын болады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Сурет: freepik.com

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button