АТЫРАУЛЫҚ ТҰРҒЫН БЕШБАРМАҚҚА НЕ ЖАСЫРҒАН?

7459628f702860c47 Құқық

Атыраудағы  УГ-157/1 тергеу қапасында ыстық тағам салынған ыдыстың түбіне марихуана мен ұялы телефон салып өткізбек болған тұрғын ұсталды.

  • – 36 жастағы Атырау тұрғыны марихуананы үш пакетке орап, қасына телефон салып, ыдыстың түбіне тығып қойған, – дейді УГ-157/1 мекемесінің бөлім бастығы Саламат ҚАНАТОВ. – Алайда заңсыз сәлемдеменің жолы кесілді. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Атырау қалалық полиция басқармасының арнайы жедел тобы шақырылып, азамат ұсталды.

azh.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз