Браконьерлер инспекторларға қарсылық көрсетіп, мотоциклді өртеп жіберген (+ВИДЕО)

200414233524705e Жаңалықтар

Аtr.kz/14 сәуір, 2020 жыл. Атырау облысында балық қорын заңсыз аулаушылардан қорғайтын инспекторларға белгісіз біреулер қарсылық танытып, мотоциклді өртеп жібергені туралы видео тарады.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерде тараған видеода оқиғаның 14 сәуірде болғаны айтылған. Төрт жігіт инспекторларға қарсылық танытып, біреуі мотоциклді өртеп жіберген. Оқиға Жайық өзені сағаларының бірінің жағасында болған. Өртеніп жатқан мотоциклдің жанында балық шашылып жатыр.

«Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде таратылған видеодағы балық қорғау инспекциясы қызметкерлеріне бағынбаған белгісіз азаматтарды анықтады. Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа су жануарларын заңсыз алу) және 379-бабымен (Билік өкіліне бағынбау) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр» -деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз