
Құқық
Атырауда ірі өнеркәсіп орындарына әскери күзет қойылды
Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай, Атырау өңірінің де экономикалық әрі стратегиялық маңызға ие ірі өнеркәсіп орындарына әскери күзет қойылды.
Олардың арасында Теңіз кен орны бар. Ол жердегі өндіріс орындарын Қазақстанның Қарулы күштерінің әскери қызметшілері, облыстық полиция департаментінің қызметкерлері «Теңізшевройл» компаниясының күзет қызметі өкілдерімен бірлесе күзетуде.
Айта кетейік, әскери күзет арасында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ОДКБ) әскерлері жоқ.