Атырауда інісін әскерден күтіп алған тұрғынға айыппұл салынды
Інісін әскерден күтіп алған 19 жастағы жүргізушіге алты бірдей хаттама жасақталды.
Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері 29 мамыр күні сағат 12:40 шамасында Бейбарыс даңғылының бойымен жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзып, яғни мемлекеттік белгісі жоқ күйде көлік құралының қозғалысы кезінде жолдың жүріс бөлігінде маневр жасап,
жаяу жүргіншілер жолымен жүріп, алдыңғы бүйір терезесін қараңғылатылған пленка жабыстырған күйде, сондай-ақ үздіксіз қос ақ жолақты кесіп жолдың қарама- қарсы бөлігіне шыққан “Lada Granta” маркалы автокөлігінің 2003 ж.т., жүргізушісін анықтады. Ол өзінің іс-әрекетін інісін әскерден күтіп алған кезде жасағандығын айтып, өз кінәсін мойындаған.
19 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 601 бабыны 1 бөлімімен (Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегiтаңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау) , 590 бабының 2 бөлімімен (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсi жоқ), 596 бабының 1 бөлімімен (Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру) әкімшілік хаттама жасақталып, барлығы 131 709 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Одан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабының 3 бөлімімен (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына , оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу)әкімшілік хаттам жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды. Енді ол сот шешімімен алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.