Қызылқоғада мазарларды қиратқан адамның кім екені белгілі болды

img 20200928 wa0540 Жаңалықтар

atr.kz/1 қазан, 2020 жыл. Қызылқоға ауданындағы Тасшағыл ауылдық округіне қарасты Мәтенқожа мазары мен бейіттерді бүлдіріп, түнек үйін өртеген қаскөй ұсталды.

Оқиға орын алған күні тұрғындардың күдігі бірден бұрынғы шырақшыға түсті. Көпшіліктің үрейін туғызған бұл оқиға бұрын-соңды болмаған еді. Сонымен, мұндай сұмдық жайтты жасаған кім? Оқиға қалай орын алды?

– Бұл мәселеге қатысты Қызылқоға ауданының бір тұрғыны ұсталды. Ол – шырақшының туыс жамағаты. Әулие мазарын және қорымдағы  13 бейіттің құлпытастарын сындырып,  бүлдірген. Мәтен ата мазары – 1993, ал түнек үйі 1994 жылы тұрғызылған. Осы орынға жергілікті жұрт дертіне дауа іздеп баратын. Сонымен қатар, сұмдық оқиғаны жасаған адам Мәтенқожа атаның түнек үйін және өз меншігіндегі жеке тұрғын үйін өртеген, – деді Қызылқоға ауданы әкімінің кеңесшісі Абылай Ахметов.

img 20200928 wa0538

Оның айтуынша, қазір аталған азаматқа қатысты аудандық полиция бөлімінде тергеу жүргізілуде.Тергеу барысында қылмыстың нақты себебі анықталады.

img 20200928 wa0544

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз