Жарнама
Құқық

Атырауда есірткіге қарсы ұйымдастырылған шараға 200-ге жуық оқушы қатысты

Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен «Мен есірткісіз өмірді таңдаймын» атты іс-шарасы өтті. Шараға нарколог маманы Самғат Каюпов және «Қызыл-Ай Қоғамының» Қоғамдық бірлестігінің басшысы Әсия Кульжанова қатысып, тамашалауға 200-ге жуық оқушылар мен ата-аналар қатысты.
Шараның мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және есірткінің таралуына және олардың синтетикалық түрлеріне қарсы күрес шараларын күшейтуге бағытталды. Береке ықшам ауданында орналасқан № 42 орта мектебі ауласында өткен іс-шарада Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Роман Ермұханов және полиция майоры Джангалиева Марьана балаларға синтетикалық есірткі заттарындағы қауіптілік туралы айтып берді. Сондай-ақ нақты мысалдар келтіріп, балаларды есірткі заттарымен байланысты нәрселерге бой алдырмауға шақырды.

Өз кезегінде мектеп оқушылары мерекелік концерттік бағдарлама дайындап, шара барысында ұйымдастырылған сурет байқауында бақ сынады.Оқушылар​ бояулардың арқасында есірткіге деген жағымсыз көзқарас пен салауатты өмір салтын насихаттау үшін өздерінің ойларын білдірді. Байқау нәтижесінде оқушылар жүлделі орындармен марапатталып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар таратылды.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы кеше ғана Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында синтетикалық есірткінің қоғамда, әсіресе өскелең ұрпақ арасында таралуына алаңдаушылық білдірді.
Кез-келген ата-ана балаларының​ болашағына, олардың әртүрлі зиянды заттардың әсерлерінен келетін қауіпке бей-жай қарамау керек. Бүгін біз ата-ана ретінде жауапкершілік туралы сөйлесеміз.
Біздің ортақ мақсатымыз – жасөспірімдер арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу. Балалардың есірткі ортасына түсіп кетпей, оларға дер кезінде қорған болуды басты назарда ұстап, нашақорлыққа қарсы ұйымдастырылатын іс-шараларды кеңінен ұйымдастыру өскелең ұрпақ үшін өте маңызды деп есептейміз -дейді,тәртіп сақшылары.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button