Атырауда бір күнде 6 жасөспірім жоғалып кеткен
Атыраулық полицейлер бір күн ішінде хабар-ошарсыз кеткен 6 жасөспірімді үйлеріне қайтарды.
2022 жылдың 1 мамыр күні, яғни бір күн ішінде Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына жасөспірімдердің өздерінің тұрғын-жайларынан хабар-ошарсыз кету фактісі бойынша 6 хабарлама келіп түскен. Аталған оқиғалар бойынша барлық жасөспірімдер полиция қызметкерлері 2-3 сағат ішінде тауып, ата-аналарына қауыштырды.
Мәселен, 1 мамыр күні 38 жастағы азаматша сағат 17:00 шамасында 4 жасар ұлының тұрғылықты мекен-жайынан хабар-ошарсыз шығып кеткендігі бойынша полицияның 102 арнасына хабарлама берген. Жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде аталған жасөспірімді полиция қызметкерлері екі сағаттың ішінде табылып, ата-анасына табысталды. Белгілі болғандай жасөспірім бала ойнап жүріп әжесінің үйіне кетіп қалған.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.
Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, жоғалған жағдайда тез арада
“102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.