Жарнама
Құқық

Атырауда балаларды тасымалдайтын көліктер техникалық тексеруден өткізілді

Атырауда балаларды тасымалдайтын көліктер техникалық тексеруден өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында 19 сәуір мен 19 мамыр аралығында “Қауіпсіз жол” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Шараның басты мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларын алдын алу. Осы ретте Атырау қаласы аумағында балаларды тасымалдайтын оқу орындарына бекітілген автобустарға Атырау қаласы полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің жол және техникалық инспекция тобымен техникалық қарап-тексеру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 15 автобустың қауіпсіздік белдігі, сыртқы жарғыш шамы, тегершігі, шанағы, өрт сөндіргіш құралы, дәрі-дәрмек қобдишасы және жүргізушінің құжаттары секілді техникалық тексеру жасалып, олардың барлығының белгіленген талапқа сай екендігі анықталды. Сонымен қатар көлік жүргізушілеріне жол жүру қағидаларын қатаң сақтауға қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button