Атырауда көлік апатынан 5 адам көз жұмды (ФОТО)

a8nXJZwL7HE Жаңалықтар

Атырауда көлік апатынан 5 адам көз жұмды. Қайғылы жағдай 12 қазан күні, сағат 21:48 шамасында болған.

a8nXJZwL7HE

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, «Атырау-Индер» тас жолы бойындағы «Жұлдыз-3» ықшам ауданы маңында «МАЗ» жүк көлігі және «Mersedes G-сыныпты» автокөліктері бір-бірімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл автокөліктің 29 жасар жүргізушісі және осы көліктің жолаушылары 77, 64, 58 жастағы әйел адамдар, сондай-ақ, 81 жастағы ер азамат оқиға орнында көз жұмған. Ал, «МАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі әр-түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жатқызылыпты.

v5mG9a8j6uA

Көлік апатынан кабинада қысылып қалған зардап шегушілерді шығару жұмыстарына Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының 3 қызметкері және бір арнаулы техника жұмылдырылған.

Айдос Қарабала

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз