Жарнама
Құқық

АТЫРАУДА АЙЛАКЕР АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

Атырауда 20 адамды алдаған алаяққа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақтөбелік тұрғын Атырау қаласынан элиталық пәтерлерді қолайлы бағаға жалға беремін деп адамдарды алдаған. Ол OLX қосымшасы арқылы азаматтарды Атырау қаласында бірнеше мөлтек аудандарда пәтерлері бар екендігіне сендіреді. Жалға берілетін пәтерге келіскен соманың 50 пайызын алдын ала төлеуді өтініп, ұлының жеке есепшотына аудартып отырған. Атырау облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 1980 жылы туған күдікті азаматшаға қатысты 20 дерек дәлелденгенін айтады.

Сондай-ақ, алданғандардың арасында 9 атыраулық және одан бөлек Нұр-Сұлтан, Тараз, Алматы, Қарағанды, Қостанай қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын да сан соқтырған 11 дерек анықталып отыр. Қазіргі уақытта 42 жастағы күдікті әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button