ШҰҒЫЛ: Бірінші сынып оқушысын мектепте зорлап келген… (+ВИДЕО)

60e7cae6cd406416738902 БЕЙНЕЖАЗБА

Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінің әжетханасында бірнеше рет зорланды деген баланың әкесі оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Әкесі баланың ластанған киімін көргенде зорлық болғанына көз жеткіздім дейді. 

«Мен «бұл не» деп сұрадым, ол «бояу ғой, әке» деп қана жауап берді. Сосын тазалай бастады. Сосын бұл бояу болса неге тез тазаланатынын сұрадым. Сонда ұлым былай деді: жаңа жылдан кейін Рамазан мен Кәрім әжетханада осылай істей бастады. Оқытушы сабақ кезінде жібереді екен, мәжбүрлеп шығарып жібереді екен», – дейді баланың әкесі Мұстафа.

Ер адам ұлын жетінші сынып оқушылары зорлағанын айтады, ал оқытушылар мен мектеп басшылығы бұған көз жұмды деп отыр. 

«Біреуі қолын ұстап тұрады, дейді. Екіншісі көзін жабады екен. Сосын әдетке айналған сияқты. Қанша рет болды деп сұрасам, 10-12 рет болғанын айтып отыр. Өзі солай деді. Тағы біреуі бар дейді. Ересектеу. Ол үлкендеу, басқа сыныпта оқиды. Заттар болған, тергеушіге өткіздім, онда адам нәжісі мен шәует болды. Шалбарынан да табылды», – дейді оқушының әкесі.

Бірақ білім беру мекемесінің педагогтері бала зорланды деген ақпаратты жоққа шығарып отыр.

«Қайталап айтамын: бұл жалған ақпарат. Маған сағат алтыда ақпарат келіп түсті, мен бұл қызға бірден былай деп жаздым: Сіз мектепте болдыңыз, оқытушылармен, балалармен сөйлестіңіз бе? Камераға түскен видеоны қарап шығуға болады, дискті полиция алып кетті», – деді бірінші сынып оқытушысы Наталья Канаева.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз