Жарнама
Құқық

Атырауда 5 мыңға жуық оқушы есірткіге қарсы дәріске қатысты

Облыста жастар арасында есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында кең ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен бүгінге дейін өңірдегі 80 мектепте арнайы дәрістер өтті. Нәтижесінде 4 500-ден астам оқушы қамтылды.

Аталған іс-шара барысында оқушыларға есірткі заттарының ағзаға, психикаға және болашақ өмірге тигізетін кері әсерлері нақты мысалдармен түсіндірілді. Полицейлер оқушыларға зиянды әдеттердің салдары мен құқықтық жауапкершілік туралы мағлұмат беріп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

— Есірткіге қарсы күрес – тек полицияның емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан біз жастармен жиі кездесіп, оларды ерте жастан ақпараттандыруға баса мән беріп келеміз, — дейді құқық қорғау органының өкілдері.

Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Мамандардың айтуынша, жасөспірімдермен жүйелі түрде жүргізілетін түсіндіру жұмыстары олардың дұрыс таңдау жасауына жол ашады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button