Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

АТЫРАУДА ЖОҒАЛҒАН АЗАМАТ ТАБЫЛДЫ

Полицейлер қырға кетіп, жоғалып кеткен 32 жастағы жігітті тапты.

2022 жылдың 31 қаңтар күні Жылыой ауданы Полиция бөлімінің 102 арнасына Жылыой аударының тұрғыны өзінің туған ағасы 1990 жылы туған Бейбіт Қамысбаевтың бір күн бұрын УАЗ автокөлігімен Құлсары қаласынан шамамен 65 шақырым болатын Сарыбұлақ елді мекеніне азық-түлік апарып келуге кетіп, осы уақытқа дейін оралмағаны жөнінде хабар берген.

Хабарлама түскеннен кейін сол күні полицейлер мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жоғалған адамды іздеуді бастаған. Жедел іздестіру шаралардың нәтижесінде жоғалған азамат таңғы сағат 4:00 шамасында «Қадия» қыстағынан табылған.

Жоғалған азаматтын туыстары полиция бөлімі мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button