Атырауда 100 миллион теңгемен алаяқ әйел ұсталды

5cb4414c6030f Құқық

Атырауда 98 миллион теңге иемденгені үшін сотталған азаматшаның басқа да алаяқтық әрекеттері анықталды.

Атыраулық азаматша 4 жәбірленушіге қала аумағынан пәтер алып беремін деп, олардан алған 98 миллион теңгені қалтасына басқан. Көп ұзамай әйелдің қылмыстық әрекеті әшкере болып, оған қатысты 12 сәуір күні сот үкімімен кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Аталған азаматшаның бұрын да пәтер алып беруге мүмкіншілігі болмауына қарамастан тағы 6 адамға қала аумағынан пәтер алып беру сылтауымен сенімдеріне кіріп, ақша қаражаттарын иемденіп алғаны анықталды. Келтірілген шығын 25 700 000 теңгені құрайды. Қазіргі кезде дерек бойынша Атырау қаласының Полиция басқармасымен ҚК-тің 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Атырау облысы Полиция департаменті атыраулықтарға алаяқтардың арбауына түспеуді ескертеді.

«Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз