Білікті заңгер көмегі – халық игілігіне!

foto m. scaled Құқық

Әркімнің білікті заң көмегін алу құқығының жүзеге асырылуына әсер ететін қоғамдық сананы реформалаудың маңыздылығы туралы егеменді еліміздің Тұңғыш президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» деп атап көрсеткен болатын.     

Әрбір адамның заңмен белгіленген шекте қорғалуға құқылы екені белгілі. Бірақ барлығы бірдей адвокат нотариус немесе өзге құқықтық қорғау субъектісін жалдауға мүмкіндігі жоқ адамдарға бюджет есебінен заңды көмек ұсынылатыны белгілі. 

Қазақстан Республикасының әр азаматы  ата заңымыз – Конституция және еліміздің қолданыстағы заңдарына сәйкес яғни белгіленген ережелерге сәйкес азаматтық, әкімшілік және қылмыстық процесс барысында білікті заңды көмек алуға құқылы. Сондай-ақ, осы негіздерде Қазақстан Республикасы азаматтарына мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек ұсынылады.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі – заң көмегін алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негізде және тәртіпте тегін негізде көрсетілетін заң көмегі. Бұлардың субъектілері болып – мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган  – халыққа құқықтық көмек пен заң қызметтерін көрсету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне төмендегідей бөліктер жатқызылады: Құқықтық ақпарат беру; Құқықтық консультация беру; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіпте жеке тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық ізге түсу органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру; Жеке сот орындаушыларының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен мәжбүрлеу шараларын қолдануы түрінде көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабын ұстана отыра, ел азаматының құқығы ретінде білікті заң көмегін алу, ол біздің көзқарасымызға сәйкес іргелі маңызы бар. Сонымен қатар, білікті заңгерлік көмек көрсету қызметін атқаруының кепілі болып табылады. Аталған конституциялық норманың басты идеясы халықтың кәсіби заң көмегін көрсетужәне құқықтық қызметтер көрсету тетіктеріне қатысты қолданыстағы заңнама жүйесіндегі логикалық жалғасы мен дамуын көрсетеді.

Халыққа сапалы түрде көрсетілетін құқықтық көмек қоғамның сана-сезіміне әсер етеді. Құқыққа, заңға, қоғамға және мемлекетке жеке көзқарас қалыптастырады. Мемлекетіміздің негізгі заңнамасы: Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар яғни білікті заң көмегін алуға құқығы бар.

Бұл тұрғыда облысымыздың білікті заңгерлерінің өз жұмысын тиісті деңгейде атқаруы нәтижесінде халыққа білікті заң көмегін көрсету мақсатында құрылған Атырау облысы заң консультанттары палатасының (әрі қарай-палата) облыс аумағында құқық қорғау органдары және уәкілетті мемлекеттік органдармен, сот орындаушылармен бірлесе жиі-ұдайы өткізіліп тұратын тегін заңгерлік көмектері дәлел болып табылады. Мақсаты: Халыққа тегін заңгерлік көмекпен қамтамасыз ету және қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру.

Атап айтқанда, палата басшысы Нұрасыл Асылбекұлы басқаратын облыстың білікті де сауатты заңгерлер қауымы елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты азаматтар мен азаматшалардың құқықтарын қорғау мақсатында тегін заңгерлік көмек көрсету барысында бірнеше шаралар ұйымдастыруда. Бұл өз кезегіндегі мүмкіндігі шектеулі жандарға, зейнеткерлерге, ұлы отан соғысы ардагерлеріне, сондай-ақ әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттарға жатқызылатын тұлғаларға көрсетілуде. Сонымен бірге, кәсіпкерлікке қатысты істерде тегін заңгерлік көмек көрсетілмейді,-деп атап көрсетеді палата төрағасы Мүбарак Нұрасыл Асылбекұлы.

Мейірбек БАҚЫТЖАНҰЛЫ,

ҚР Заңгерлер одағының мүшесі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз