Құқық
Атырауда 10 млн. теңгеден астам алтын ұрлаған күдікті ұсталды
Атырау қаласында тұрғын үйлердің пластикалық терезесін белгісіз затпен ығыстырып ашу арқылы жалпы құны 10,3 млн. теңгені құрайтын алтын бұйымдарды ұрлаған күдікті ұсталды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 35 жастағы күдікті ұрланған алтындарды қаладағы бірнеше ломбардқа өткізіп үлгерген. Тергеу барысында жәбірленуші алтын бұйымдарын танып, ломбардтардан заттай айғақ ретінде алынған 7 дана алтынның өзіне тиесілі екенін растады.
Қазір аталған дерек бойынша №2 Атырау қалалық полиция бөлімінде кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция тұрғындарға сақтық шараларын күшейтіп, мүлікті қорғау мақсатында қауіпсіздік жүйелерін орнатуға кеңес береді.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ