5a39322e08f3d9a2358b4567

8 есірткі зертханасы жойылды: трансұлттық қылмыстық топ ұсталды

Жаңалықтар Құқық
4 / 100

Сәуір мен қазан айлары аралығында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға шетелден синтетикалық есірткі жеткізуді жүзеге асырып, сондай-ақ оларды дайындап, интернеттегі «Борат24» дүкені арқылы сатқан трансұлттық қылмыстық топтың қызметін тоқтату бойынша көлемді операция өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Трансұлттық есірткі құрылымының 34 қатысушысы ұсталды, 8 есірткі зертханасы жойылды. Елдің ірі қалалары – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентке контрабандалық жолмен кіргізілген 40 келі психотроптық зат алынды.

Қара нарықта алынған есірткінің бөлшек саудадағы бағасы 600 млн астам теңгені (80 мың доза) құраған. Бұдан басқа, есірткі саудасынан түсірген ақшалай затты «биткоиндерді» сатып алу және оларды шетелге шығару бойынша қаржы операцияларын жүзеге асыру жолымен ресмилеуді ұйымдастырған заңсыз криптоалмастырғыштардың қызметі тоқтатылды.

Бұл ретте, көмекшілер алған ақшаны заңдастыру үшін дайындаған алты жылжымалы «майнинг ферма» анықталды. Есірткі құрылымының көмекшілері екі жылдың ішінде (2018 жылдың қаңтар айынан бастап 2019 жылдың желтоқсанына дейін) 2,5 астам теңгені ресмилендірген.

Аталған фактілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізіліміне 297-бабының 4-бөлімі, 264-бабының 2-бөлімі, 286-бабының 4-бөлімі және 218-бабының 3-бөлімімен тіркелген.


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған