Жарнама
Құқық

Атырауда 10-ға жуық ерлі-зайыпты әскерде қызмет атқарады

14 қыркүйек – Отбасы күні. Бұл мерекенің мәні – қоғамның басты тірегі саналатын отбасының қадір-қасиетін насихаттау. Атыраудағы Ұлттық ұланның әскери қызметшілері үшін бұл күннің орны тіпті ерекше. Өйткені 5546 әскери бөлімінде онға жуық ерлі-зайыпты ел қауіпсіздігі жолында иық тірестіре қызмет етіп келеді. Бұл туралы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

bc92fb92 e9e7 40ed b952 3d68e5a5946e

Солардың бірі – Жәшібаевтар әулеті. Отағасы Дәурен мен Гүлзада әскери борышты қатар атқарып қана қоймай, алты бірдей баланы тәрбиелеп отырған өнегелі жанұя.

– «Әскер – біздің ортақ өмірлік жолымыз. Қызмет пен отбасын қатар алып жүру – жауапкершілік пен сенімге негізделеді. Ұл-қызымызды да елін сүйетін, адал азамат етіп өсіруге тырысамыз», – дейді Дәурен Жәшібаев.

Ұлттық ұлан сапындағы мұндай отбасылар – елге адал қызметтің, бірлік пен ынтымақтың жарқын үлгісі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button