
Құқық
Атырау прокуратурасында – тағайындау
Атырау облысы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Ермуханбетұлы Бекжан Атырау облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Құқық қорғау органдарында қызметті 1997 жылы бастаған.
Кезең-кезеңімен Қостанай облысының прокуратурасы және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында лауазымдар атқарды.
Соңғы атқарған лауазымы – Ақмола облысы прокурорының орынбасары.
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.
Атырау облысының прокуратурасы