Жарнама
Құқық

Атырау полицейлері ескертеді

Мәселен, 21 желтоқсан күні сағат  04:30 шамасында Атырау-Индер тас жолы Талғайраң ауылы тұсында маркасы Лада Приора маркалы автокөлігінің 1996 ж.т., жүргізушісі автокөліктің басқару жүйесін игере алмай, сиыр малын қағып, соққы екпінімен сол аумақта орналасқан азық-түлік дүкенінің жарнама белгісіне соқтығысып, жол-жиегіне шығып аударылған.  

Оқиға салдарынан жүргізушісі жеңіл жарақат алып, облыстық ауруханаға қаралып кеткен.

Одан басқа, 21 желтоқсан күні сағат 12:00 шамасында Жарбосынов-Молдағұлова көше қиылысында Toyota Corolla маркалы автокөлігінің 1994 ж.т., жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан шығып, басты жолда келе жатқан 1957 ж.т., азаматтың басқаруындағы Toyota Corolla маркалы автокөлігіне соқтығысқан.

Сонымен қатар, 22 желтоқсан күні сағат 17:00 шамасында Қараөзек мөлтек ауданында Газ 53 маркалы автокөлігінің 1980 ж.т., жүргізушісі бір бағытта алдында келе жатырған Фура жүк көлігін басып озу кезінде маркасы КАМАЗ (вакуум) автокөлігіне соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Соққы салдарынан үш адам әр түрлі дене жарақаттарын алып, облыстық ауруханаға жеткізілген.

Атырау қаласы Полиция басқармасы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, жүргізушілердің назарына жол қауіпсіздігін қадағалап, ауа-райының қолайсыздығын ескеруді сұрайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button