«Доссор-Құлсары-Бейнеу» тасжолында не болған?

screenshot 20220913 163140 Құқық

Тас жолдарда арнайы жарық шамы бар жол белгілері орнатылды.

Атырау облысы полиция департаментінің бастамасымен, «Қазавтожол» ҰҚ АҚ» Атырау облыстық филиалымен бірлесіп Қазақстан Республикасы «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану ережелері» мемлекеттік стандартын басшылыққа ала отырып, «Доссор-Құлсары-Бейнеу»республикалық маңызы бар тас жолының 30 шақырымындағы көріну шегі төмен учаскеге экспериментальдық мақсатта, көлік құралының қарсы бағытқа шығып кетуінің алдын алу мақсатында арнайы сигналды бағаналар орнатылып, тиісті жол белгілері сызылды.

– Жол-көлік оқиғаларының алдын-алу үшін тас жолдардың жиектеріне арнайы резинадан салынған бұл жол беліглері түнгі уақытта  жарық беріп тұрады,- дейді Атырау облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция капитаны Ақболат Тілепберген.

Аман ШАМАР

img 20220913 wa0025
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз