Жарнама
Құқық

Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры тағайындалды

Бас Прокурордың бұйрығымен Мирас Жалмурзин Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры болып тағайындалды, — деп хабарлайды Атырау облысының прокуратурасы.

Мирас Еркебұланұлы 1993 жылы туылған. Прокуратура органдарында 2016 жылдан бастап қызмет етеді.

Қызмет жолында Құрманғазы ауданы прокурорының көмекшісі, Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлім аға прокуроры, Атырау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, басқарма аға прокуроры лауазымдарын атқарды.

Осы тағайындауға дейін Атырау қаласы прокурорының орынбасары лауазымында болды.

Сыныптық шені — І сыныпты заңгер.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button